Кеше Kasipker қауымдастығының басшылығы — Жақыпбек Бастаубаев пен Салтанат Минайхан, сондай-ақ Қауымдастық кеңесшісі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Еркін Рақышев мырза «QURULTAY» құрылысшылар форумына қатысып қайтты.
QURULTAY — құрылыс индустриясының жетекші өкілдерін, кәсіпкерлерді, мердігерлерді, инженерлерді және сәулетшілерді бір алаңға жинайтын ауқымды форум. Мақсаты — саланың мамандарына жаңа серіктестер табуға, тәжірибе алмасуға, нарықтағы өзекті өзгерістерді талқылауға және бизнесті жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беру.
Форум күшті спикерлер, нақты кейстер және құрылыс саласының болашағы жайлы ашық талқылаулармен ерекшеленеді. Kasipker қауымдастығы саланың дамуына бағытталған осындай бастамаларды қолдап, белсенді қатысып отыр.


