Жаңалықтар

Kasipker қауымдастығы тарихы терең «Киногерлер» одағымен танысты

30 шілде 2026 ж.

Жаңалықтарға оралу
Kasipker қауымдастығы тарихы терең «Киногерлер» одағымен танысты

30 шілде күні Kasipker қауымдастығы «Байтақ» жасыл партиясының өкілдерімен бірге тарихы терең «Киногерлер» одағының жұмысымен танысып қайтты.

Кездесудің басты мақсаты — алдағы серіктестік пен ұлттық идеологияны нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстарды талқылау болды. «Байтақ» партиясы арқылы парламентте кино саласына қатысты ұсыныстар енгізу, сондай-ақ осы салаға қатысты жаңа заң қабылдау мәселесі көтерілді.

Қазіргі таңда «Киногерлер» үйі жеке меншік инвесторлардың қолдауымен жөндеуден өтіп жатыр. Кездесу дәл осы ремонт барысында өтіп, біз ұйымның қазіргі жай-күйіне куә болдық.

Kasipker қауымдастығы кино саласын коммерцияландыру бағытында қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Алғашқы қадам ретінде — Шәкен Айманов атамыз негізін қалаған, тарихы терең «Киногерлер» қауымдастығына толыққанды сайт әзірлеп беруден бастаймыз.

Алдағы аптада тараптар Kasipker альянсының офисінде кездесіп, серіктестік меморандумға қол қойылатын болады.

Біздің басты мақсатымыз — ұлттық идеологияның тұтқасы болуға тиісті қауымдастықтар мен тұлғалардың жұмысына қолдау көрсету.

Фотоматериалдар

Kasipker қауымдастығы тарихы терең «Киногерлер» одағымен танысты 2
Kasipker қауымдастығы тарихы терең «Киногерлер» одағымен танысты 3

Видео материалдар

Пікірлер

Жүктелуде...

Пікір қалдыру

Kasipker AI-көмекші

Онлайн

Жасанды интеллект негізінде жауап береді
WhatsAppTelegram