Жаңалықтар

Қазақстан футболы — әлемдік биіктерге бастар жолда!

26 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтарға оралу
Қазақстан футболы — әлемдік биіктерге бастар жолда!

Бүгін талантты әрі танымал кинорежиссер, депутат Еркін Рақышевтің «Ракшер» кітабының және Қазақстан футболын дамытуға, оны сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге әрі әлемдік аренада ілгерілетуге бағытталған бірегей жобасының тұсаукесері өтті.

Еркін Рақышев ұсынған футболшыларды даярлау әдістемесі үлкен қызығушылық тудырады. Бұл заманауи, жүйелі әрі ауқымды тәсіл. Біз бұл жобадан Қазақстан футболының болашағы үшін зор мүмкіндіктерді көрдік. Ең маңыздысы аталған жоба қазақстандық футболдың белгілі жұлдыздарының да жоғары бағасына ие болып отыр.

Осы әдістемені жүйелі әрі кәсіби түрде жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлемдік футбол рейтингіндегі өз позициясын едәуір нығайтып, елімізді халықаралық деңгейдегі ең ірі жарыстарда лайықты таныстыратын жаңа буын спортшыларын тәрбиелей алады деп сенемін.

Дайындық жұмыстары бүгіннен басталады. Алда әлем чемпионатына дейін төрт жыл уақыт бар. Бұл кезеңді барынша тиімді пайдалану қажет. Заманауи дайындық жүйесін қалыптастырып, дарынды жастарды ерте анықтап, олардың қабілетін дамыту, кәсіби командалар құру және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу — басты міндеттердің бірі.

Біз Еркін Рақышев пен оның жобасы да футбол арқылы дәл осындай биік нәтижеге жетіп, әлемге жаңа қазақстандық чемпиондарды таныстырып, көк Туымызды әлемнің ең беделді футбол ареналарында желбіретеді деп сенеміз.

Қазақстан кәсіпкерлері альянсы атынан осы ауқымды әрі болашағы зор жобаны толық қолдайтынымызды білдіремін. Еркін Рақышевке, оның командасына және Қазақстанның барлық жас футболшыларына зор табыс, мықты жігер, қажымас қайрат және үлкен жеңістер тілеймін.

Қазақстан футболына сенеміз!

Спортшыларымызға сенеміз!

Болашақ чемпиондарға сенеміз!

Қазақстан әлемдегі жетекші футбол державаларының біріне айнала алады деп сенеміз!

Құрметпен,

Қазақстан Кәсіпкерлер Альянсының төрағасы

Бастаубаев Ж.А.

Фотоматериалдар

Қазақстан футболы — әлемдік биіктерге бастар жолда! 2
Қазақстан футболы — әлемдік биіктерге бастар жолда! 3
Қазақстан футболы — әлемдік биіктерге бастар жолда! 4
Қазақстан футболы — әлемдік биіктерге бастар жолда! 5

Видео материалдар

Пікірлер

Жүктелуде...

Пікір қалдыру

Kasipker AI-көмекші

Онлайн

Жасанды интеллект негізінде жауап береді
WhatsAppTelegram